Фитнес медицина
Royal Club Fitness & SPA фитнес клубтар желісі
Өзіңізге ыңғайлы кез келген әдісті таңдаңыз және:
- Клубтың рецепциясында тұрған әкімгерге.
- Клуб дәрігерлеріне.
- Жеке жаттықтырушыңызға.
- Үйлестірушіңізге жолығып.
- Клубтың келесі: 356 33 33, 356 55 55 телефондары бойынша Клуб дәрігерінің процедурасына жазылыңыз
Өзіңізге ыңғайлы кез-келген спорттық киім мен аяқ киім тестіден өтуге жарамды.
- Спорттық тестілеуден 2 сағат бұрын қою шай, кофе, никотин ішпеңіз.
- Тесттен 24 сағат бұрын алкоголь ішпеңіз.
- Тестілеу алдында жаттығуларды, сондай-ақ сіз үшін әдеттен тыс және ауыр физикалық жұмыспен айналыспаңыз.
- Тестілеу басталғанға дейін 1,5-2 сағат бұрын тамақтану ұсынылады.
- Аурудың жіті кезеңінде тестілеу жүргізілмейді.
16 жасқа дейінгі балаларға спорттық медициналық тестілеу және омыртқаны функционалды зерттеу кезінде ата-аналардың болуы міндетті.
Royal Club Fitness & SPA-дағы спорттық медициналық тестілеу — бұл ағзаның функционалды жағдайын зерттейтін бірегей тесттер жиынтығы. Біз ең жақсы, ақпараттық және қауіпсіз әдістерді, сондай—ақ жетекші еуропалық және американдық индустрия көшбасшылары компанияларының ең заманауи жабдықтарын жинадық. Спорттық медициналық тестілеу біздің клубтарға кірудің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл жас мөлшеріне және қатысу түріне қарамастан Клубтың кез келген мүшесінің клубтық картасына енгізілген.
Тұрақты жаттығуларды бастамас бұрын спорттық тестілеуден өтуді ұсынамыз.
Біздің тестеріміздің негізгі мақсаттары — жаттығуларыңыздың қауіпсіздігі мен нәтижелігін арттыру. Тілектеріңізге, дәрігерлеріміздің ұсыныстарына және ағзаңыздың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, сізге сәйкес келетін оңтайлы жаттығу бағдарламасы жасалады.
Біздің барлық тестілеріміздің жаттығу барысында өзінің практикалық қолданысы бар, демек, өз нәтижелеріңізді динамикалық түрде бақылай аласыз. Біз өзіміз әсер ете алмайтын параметрлерді анықтамаймыз.
Клубтық картаңыздың түріне байланысты спорттық медициналық тестілеу келесі кезеңдерді қамтиды: бойды, салмақты және дене көлемін өлшеу, жоғары шешiмдi ЭКГ негізінде жүрек-қан тамыры жүйесiн заманауи зерттеу, икемділікті анықтау, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің жүктемеге қатысты реакциясы мен төзімділігін анықтауға арналған жүктемелік велоэргометрия (ОМШ — оттегінің максималды шығыны), кардио күйзеліс деңгейі, дене құрамын талдау және жасушалардың ылғалдану деңгейі. Медициналық тестілеу нәтижелеріне сүйене отырып, клуб дәрігерлері тек жаттығу барысы бойынша ғана емес, сонымен қатар SPA Deliсе-тегі тамақтану режимі мен терапевтік процедуралар бойынша ұсыныстар береді. Бұдан басқа, сіз өте қауіпсіз ультрадыбыстық жабдықтың көмегімен қосымша сүйек тінінің тығыздығын зерттеуден (денситометрия), сондай-ақ дененің құрамын барынша егжей-тегжейлі швейцариялық талдаудан өте аласыз.
Спорттық медициналық тестілеуден Клубтың барлық мүшелері клубтық картасының түріне және жас мөлшеріне қарамастан өтуі тиіс. Спорттық тестілеуден өткеннен кейін дәрігер сізді жаттығу залына, бассейнге және топтық бағдарламаларға, жеке таныстыру жаттығуларына жазады, бұл сіздің клубтық картаңызға тегін енгізіледі, онда спорттық тестілеу нәтижелері бойынша сіздің жаттығу бағдарламаңыз іске асырылатын болады. 4-6 айдан кейін қолда бар жетістіктерді анықтау және жаттығу бағдарламасын түзету үшін қайтадан спорттық тестілеуден өту қажет.
Спорттық медициналық тестілеу сізді қызықтыратын бірқатар сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Барлық тестілерді өткізіп, ағзаңыздың функционалдық күйін анықтаған соң дәрігер сабақтың жиілігін, жаттығу түрін, сондай-ақ әрбір жаттығудың қарқындылығы мен ұзақтығын қамтитын халықаралық FITT жүйесі бойынша жеке жаттығу жоспарын жасайды. Топтық бағдарламаларға, бассейнге және жаттығу залына барудың ыңғайлы кестесін таңдайды. Жаттығу режиміне негізделген тамақтану бойынша ұсыныстар береді. Барлық ұсыныстар жеке таныстыру жаттығулары барысында жүзеге асырылады және сіздің жаттығу күнделігіңізге жазылады.
Сіздің сабақтарыңыздың нәтижелілігі антропометрияны бағалауға көмектеседі (белді, санды, кеуде қуысын және басқа параметрлерді өлшеу) және қосымша тест — дене құрамын қазіргі заманға сай швейцариялық талдау, тұжырымдамалық тұрғыдан қолда бар аналогтардан өткізу әдістемесімен және ең бастысы өзінің шынайылығымен ерекшеленеді.
Құрылғы дененің сапалық және сандық құрамын егжей-тегжейлі талдайды, ал дайындық шараларының кешені оның дәлдігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жату жағдайында жүргізіледі, бұл жасушааралық сұйықтықтың бүкіл денеге біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Әдіс жасушаішілік және жасушадан тыс судың теңгеріміне, сондай-ақ жасушалық мембранамен жанасу кезінде электр тогының негізгі физикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне негізделген, яғни ток өзінің күшін, бағытын және амплитудасын өзгертеді.
Өте маңызды сәттің бірі – құрал тіндердегі зат алмасу деңгейін анықтайды, бұл бір-бірінен өткізгіштігі жағынан ұқсас, бірақ процестердің белсенділігі жағынан әртүрлі, мысалы, бұлшық ет тіні мен сүйек-буын жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.
Бұл зерттеудің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі ағзадағы май тінінің орналасуын дәл анықтау болып табылады, ал нәтижелерді ыңғайлы түсіндіру динамикада сіздің денеңізде май жоғалғанын немесе бұлшық ет массасының жинақталуын бақылауға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері бойынша дәрігер жаттығулар бойынша да, тамақтану режимі бойынша да ұсынымдар береді.
Біз түрлі күйзеліс факторларының ағзамызға әсер ету деңгейін барабар бағалай алмаймыз және сол арқылы күйзеліске төзімділік деңгейімізге барабар емес жаттығуға жүгіне отырып, өзімізді қауіпке ұшыратамыз.
Жоғары шешімді ЭКГ көмегімен жүрек ырғағының құбылмалдығын анықтауға негізделген неміс жабдығының көмегімен жүректің бірқатар сипаттамалары, оның ішінде фитнес-деңгей мен кардиокүйзеліс-индексі анықталады. Соңғысы сіздің күйзеліске төзімділігіңіздің индикаторы болып табылады, яғни, басқа сөзбен айтқанда, түрлі сыртқы және ішкі факторлар тарапынан сіздің жүрек-қан тамыры жүйеңізге күйзелістік жүктеме деңгейі анықталады. Фитнес-деңгейі жүрек-қан тамыры жүйесінің жаттықтырылғандығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштердің өте маңызды қолданбалы мәні бар, себебі сіздің жаттығуларыңыздың қарқындылығы мен түрі кардикүйзеліс-индексі мен фитнес-деңгейіне байланысты. Бұдан басқа, кардикүйзеліс-индексі сіздің машықтануыңыздың индикаторы болып табылады, дене жүктемесі ағзаның күйзеліске төзімділігін айтарлықтай арттыратыны, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтатыны дәлелденді. Сіздің жаттығуларыңыздың сенімді оң нәтижесі кардиокүйзеліс-индексінің едәуір төмендеуі және фитнес деңгейінің артуы болады.
Егер бұлшықет массасының көлемі жай көзге көрініп тұрса, онда төзімділік пен күшті байқау үшін белгілі бір күш-жігер жұмсау қажет. Бұлшықет массасының жиынтығы ағзаның жалпы төзімділігін арттыру бойынша ұзақ және жеңіл емес жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Біздің клубтарда жалпы шыдамдылықты анықтау үшін жүктемелік велоэргометрия — жүктеме деңгейі динамикасында өзгеріп отыратын велотренажерде ұзақтығы 10 минут болатын тест қолданылады. Бұл тест өзгермелі дене жүктемесі жағдайында олардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелері ағзалар мен тіндерге қанша мөлшерде оттегі жеткізетіні туралы ақпарат береді. Жалпы төзімділіктен басқа, біз ватттағы жүктеменің оңтайлы деңгейін, жүрек-қан тамыры жүйесінің жүктемеге реакциясын және жаттығудан кейін ағзаның қалпына келуін анықтаймыз. Мұның бәрі жүктеменің оңтайлы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, осылайша шамадан тыс жаттығулардан немесе жүктеме деңгейінің жеткіліксіздігінен қашық бола аламыз. Бұлшықет массасының өсу көлемін дененің құрамын швейцариялық талдау және антропометрия кезінде негізгі бұлшықет топтарын өлшеу арқылы да бағалауға болады.
Біздің омыртқа — бұл сенімді «темір өзек», біздің денеміздің қаңқасы, бірақ сонымен бірге бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмысы тәуелді болатын жіңішке жіп. Бәріміз арқамызды нығайту, өз мүсінімізді созу, икемділікті арттыру қажет екенін естідік……мұны көзді жұмып жасадық. Бірақ мұны қалай дұрыс жасау керек?! Себебі, сауатсыз құрастырылған жаттығудың әсеріне керісінше дәлдікпен қол жеткізуге болады.
Мұның жауабы өз жұмысында ешқандай зиянды сәулелену түрлерін пайдаланбайтын омыртқаны функционалдық зерттеудің швейцариялық скринингтік жүйесі болып табылады, бұл оны барлығына, соның ішінде балаларға да қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғы омыртқалардың орналасуы мен мүсіннің дұрыстығын, омыртқа бағанының икемділігі мен қозғалмалылығын, сондай-ақ оның дұрыс орналасуына жауап беретін мүсіннің бұлшықет-тұрақтандырғыштарының жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.
Тест барысында анықталған параметрлер нұсқаушыларымыз жеке таныстыру жаттығуы барысында іске асыратын жаттығу бағдарламасы бойынша ұсынымдар құрудың негізіне жатады. Біз омыртқаның қандай бөлігін созу, ал бұлшық еттердің қандай топтарын нығайту қажет екенін нақты білетін боламыз.
Жүрек – ағзамыздағы ең маңызды орган, ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің жұмысы оған байланысты. Жүректі жаттықтыру өміріміздің сапасына, төзімділік деңгейіне және т.б. тікелей әсер етеді. Тепе-тең дене күші жүректің жұмысын айтарлықтай жақсартады. Әлемдік статистикаға сәйкес адамдардың 30% жуығында жүрек-қан тамыры жүйесінде проблемалар бар, бұл ретте тұрақты дене жүктемесі жүрек ауруларының пайда болу қаупін 50% -ға төмендетеді.
Өзіңіздің жүрек-қан тамыры жүйеңіздің жай-күйін жоғары шешімді ЭКГ негізінде, неміс жабдығының көмегімен спорттық медициналық тестілеуден өту кезінде біле аласыз. Зерттеу нәтижелері бойынша дербес кардиотренинг, яғни тамыр соғысының мақсатты аймақтары бойынша жаттығудың қарқындылығы мен оның ұзақтығын көрсете отырып, жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыру бойынша нақты ұсынымдар беріледі, бұл оң динамикаға қол жеткізуге және қайта жаттықтырудан теріс салдарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Спорттық медициналық тестілеуден өту кезінде кешенді зерттеу қандай да бір көрсеткіштерге баса назар аудара отырып, жаттығу жоспарыңызды барынша дараландыруға мүмкіндік береді, сонда жаттығуларыңыз барынша пайдалы және жағымды болады. Бұдан басқа, біздің британдық әріптестерімізден генетикалық зерттеуден өткен соң, сіз түрлі ауруларға бейімділік туралы біліп қана қоймай, қандай факторларды болдырмау, қандай дәрі-дәрмектерді қолдану және қандай тамақ ішу қажет екенін нақты білетін боласыз. Осының бәрі сіздің жастығыңыз бен денсаулығыңызды ұзақ жылдарға ұзартады.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілейміз! Жаттығуларда көрісеміз!