2 айдан бастап 1,5 жылға дейінгі емізулі сәбидің жүзуі бойынша жеке сабақтар. Тек жеке жатығуға арналған бөлек бассейн. Арнайы дайындалған ауыз су сапасындағы таза су. «Жаңа туған нәрестелермен жүзу» бағдарламасы бойынша сертификатталған жаттықтырушылар. Сабақтар SAMAL және BUKHAR ZHYRAU клубтарында өткізіледі. Қызмет қаланың барлық тұрғындары үшін қолжетімді, біздің желінің Клуб мүшелері үшін арнайы прайс жұмыс істейді.
Топтық сабақтар
Топтардағы балаларға арналған жаттығулар. Командада жұмыс істеу дағдысы өте жақсы шынығады. Ал ойын форматындағы сабақ баланың суда үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жаттығулар 4-14 жас аралығындағы балаларға арналған.
Ерте жастан жүзудің пайдасы туралы
Бейімделу
Су жүктеме мен күйзелісті керемет жеңілдетеді, қысылған бұлшық еттерді босаңсытады және сәбиге әдеттен тыс гравитациядан демалуға көмектеседі. Сонымен қатар, су жүктемені өтей отырып, құрлықтағы бейімделу процесін жақсартады.
Сүйек бұлшықет аппараты
Бұдан басқа, бала суда жұмсақ және табиғи массаж алады, жүзуге барлық дененің қатысуына байланысты балада тірек-қозғалыс аппараты нығайтылады және барлық бұлшықет топтары дамиды.
Жүрек және тыныс алу
Жүзу ағзаның жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін жақсы жаттықтырады, вестибулярлық аппараттың дамуына оң әсер етеді
Иммунитет
Тыныс алуды кідірту және салқын сумен шынықтыру арқылы иммунитетті нығайту, ЖРВИ және денсаулыққа қатысты басқа да бірқатар асқынулардың алдын алу